Сіз тауарды өзіңіздің себетіңізге салған кезде — олар осы блокта пайда болады.

құны: 0,00 ₸

TEKSAN компаниясы – жарық-электр техникасын өндіру және сату.

Teksan компаниясы – Қазақстандағы жарық-электр техникасын ірі жеткізуші және өндіруші. Біз клиенттерімізге жарықтандыру өнімдері мен электр техникасының сан алуан түрлерін ұсынамыз. Біз ұсынатын өнімдердің түр-түрлері үнемі өсіп келеді және 9000 атаудан тұрады. Tekled Түркияның ірі компанияларының серіктесі болып табылады. Олардың арасында Viko by Panasonic, Vatan kablo, Mepa Elektrik, Hunka kablo, HES kablo, Mutlusan және басқа компаниялар бар.

2004 жылы Қазақстандағы алқашқы дүкені ашылды, қысқа мерзімнің ішінде компания бүкіл Қазақстан бойынша кең желі құрып, сапалы және осы заманғы жарық-электр техникасының өнімдерін ұсына алды.

Сатылатын өнімдер патенттелген сауда маркаларымен өндіріледі:

  • Teksan, Mertsan, Megalux - шырақтар және электрлік-техникалық өнімдер;
  • Asya Avize - тұрмыста пайдаланылатын аспашамдар және шырақтар;
  • Технолайт және Ecolite - жарық көздері;
  • Tekfan - тартпа желдеткіштері.

2012 жылы Компания офистік шырақтарды, көшелік шырақтар мен тіректерді, тұрмыстық шырақтарды, өнеркәсіптік шырақтарды, жарық-диодтық шырақтарды өндіру жөніндегі зауыт ашты. Зауыт Голландиядан, Жапониядан, Германиядан, Түркиядан, Тайваньнан әкелінген осы заманғы жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Ғылыми әзірлеуден дайын өнімді шығаруға дейінгі өндірістің бүкіл процесі жүзеге асырылады. Өнімдер көп сатылық бақылаудан өтеді, мұның өзі жоғары сапаға кепілдік береді.

2014 жылы зауытта TeksanKablo кабелдік каналдардың 10-нан астам түрін өндіру іске қосылды. Сондай-ақ TeksanMold негізгі бағыты баспақалыптар мен қалыптарды өндіру және жөндеу болып табылады.

Teksan Компаниясы өз клиенттеріне ынтымақтастықтың тиімді шарттарын ұсынады:

  • ыңғайлы – бір ғана жеткізушімен қатынас жасай отырып, біздің клиенттеріміз өндірушілердің босату бағалары бойынша өнімдердің көптеген түрлерін алады
  • қарапайым – біздің клиенттерімізден өнімдерді жеткізуге тапсырысты қалыптастыру ғана талап етіледі, одан арғы барлық міндеттерді шешуді біз өзімізге аламыз. Teksan компаниясының мамандары берілген техникалық параметрлер бойынша жарықтандыру аспаптары мен электрлік техниканы іріктеу жөніндегі жұмыстарды орындай алады

2014 жылдан бастап Teksan 1-ші Қазақстандық компания - немістің DIALux Компаниясының ресми серіктесі. DIALux жарықтандыруды дұрыс жоспарлау үшін бағдарламалық жасақтаманы береді. Teksan Компаниясының клиенттері DIALux плагиндерін компаниясының сайтынын жүктеп алып, оларды өз жобаларында жарықтандыруды есептеу үшін пайдалана алады.

Teksan Компаниясы Сіздерге тұрмыстық, өнеркәсіптік, бау-бақтық, офистік, саудалық және қаланы жарықтандыру үшін шырақтарды, шамдарды, офистік техниканы көтерме және бөлшек сатып алуды ұсынады. Бұлардың барлығын сіздер бүкіл Қазақстандағы біздің дүкендерімізден сатып ала аласыздар. Ұсынылатын өнімдердің түр-түрлерімен Сіздер біздің каталогтан таныса аласыздар.

Біз Сіздерге

  • өнімдердің сан алуан түрлерін
  • қолайлы бағаларды
  • тұрақты сатып алушылар үшін жеңілдіктерді қуана ұсынамыз
  • біздің филиалдарымыз бен дилерлеріміз бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істейді

Сізді біздің клиенттер арасынан көруге Тексан компаниясы әрқашан қуанышты.

Брендтер

Яндекс.Метрика